KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями Штиль
521.67 592.46 6.32

Смартфондар балаларға қаншалықты қауіпті?

15.07.2019, 04:38 192

Смартфондар балақайлардың миын зақымдайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәлірек айтсақ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында смартфондардың бала денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретіндігі жайында жазды.  

Атап айтқанда, смарфонның септігінен нәрестелердің ми қыртысы баяу дамиды. Сондай-ақ сөйлеу және жалпы дамудың тежелуіне әкеліп соғады. Һәм бала айналаға көңіл бөлуді доғарып және гипербелсенді болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу