KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

«Altay Athletics» клубының тағы екі спортшысы көзге түсті

12.06.2019, 07:55 117

Қытайдың Чунцинь қаласында биылғы «Asian Grand Prix» додасының екінші кезеңі өтіп, онда «Altay Athletics» клубы спортшыларының қанжығалары майланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құрлықтық Гран-при сериясының бұл жолғы кезеңінде екі жерлесіміз көзге түсті. Олар: риддерлік Элина Михина мен семейлік Надежда Дубовицкая.

Додада 4х100 эстафетасы мен 400 метрге жүгіру (көрсеткіші 52,46 секунд) сайысында сынға түскен Элина Михина екі бәсекеде де екінші нәтиже көрсетсе, биіктікке секіру сындарына қатысқан семейлік Надежда Дубовицкая бір күміс және бір қола жүлдеге ие болды. Надежданың көрсеткіштері 1,86, сондай-ақ 1,83 метрге тең болғанын айту керек.

Еске салайық, осының алдында «Altay Athletics» клубының тағы екі спортшысы, дәлірек айтсақ, Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей Германиядағы «Whitsun Rehlingen Siersburg» деп аталатын халықаралық жарыста бір алтын және бір күміс жүлдеге ие болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив