KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,9 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

"5 миллион теңге бөлінді" – Семейде жағажай ашылады

29.07.2019, 03:38 133

Семейде суға шомылуға арналған жағажай ашылады. Жағажайдың жобалық-сметалық құжатына бюджеттен 5 миллион теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын қалада арнайы жағажайдың жоқтығын жазғанбыз. Қала басшылығы олқылықтың орынын толтыруға кіріскен екен.

– Қала халқы енді сол жағалауда суға шомылатын болады, – дейді шаһар басшысының көмекшісі Айдын Мархаметов.

Бұдан бөлек тағы бір жағажай ашылуы мүмкін екенін де айта кетейік. Тек ол жекеменшік болмақ.

Иә, семейліктердің мұндай жағажайды күткеніне 10 жыл болды. Биыл дайын болмаса, қайғылы оқиғалардың азаятын түрі жоқ. Жария ақпараттарға сенсек, осы маусым басталғалы 6 адам суға кетіп көз жұмыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив