Семейде қайырымдылық шарасына бағытталған велофестиваль өтеді
Семейде қайырымдылыққа арналған велофестиваль өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Игі бастамаға қала әкімдігі мен @veloledysemeу нәзікжандылар командасы мұрындық болмақ. Велофестиваль 10 тамыз күні Әуезов алаңынан бастап жаңа жағалауға дейін болады.
– Велофестивальге кезкелген адам қатыса алады. Велосипедті жалға алу мүмкіндіктері қарастырылған. Қазірдің өзінде біздің 18 демушіміз бар. Атаулы шарада түрлі ойындар, концерттік бағдарлама және лотерея, аукцион және жәрмеңке өткізіледі. Жиналған қаражат Жаңғалиева Лунараның ем алуына жұмсалады, – дейді "Вело-леди Семей" тобының жетекшісі Сәуле Әлденбаева.
Фестивальге қатысу құны - 1000 теңге.
Қатысуға ниет білдірген қала тұрғындары мен қонақтарын қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз.