Зайсанда 30 пәтерлі тұрғын үй салынады
Зайсанда 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынуда. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында аудандық және республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған. Бүгінде құрылыс жұмыстарымен Қуат Абжанов басқаратын «СМУ-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Ал техникалық қадағалау қызметін «ДСП СтройИнтеграция» ЖШС-нің өкілдері атқаруда.
– Құрылыстың бас жобалаушысы «Облжилкомхозстрой» ЖШС екенін атап өткен орынды, - дейді аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғатбек Бықаев.