"Етті сүйексіз ұсынады" - ШҚО тұрғыны ерекше құрылғыны іске қосты
Зайсандық кәсіпкер Тұрсынбек Қайырбаев заманауи талаптарға сәйкес келетін әрі етті артық сүйексіз кесетін жаңа құрылғыны іске қосты.
– Мұндағы басты мақсат – тұтынушыларға сапалы өнім ұсынып, сұранысты арттыру, - дейді Тұрсынбек Қайырбаев.
Бүгінде «Меркіт» шаруа қожалығын басқарып отырған кәсіпкердің алға қойған арман-мақсаты көп. Мәселен, ол болашақта тұшпара дайындап, оны саудаға шығаруды жоспарлап отыр.
– Бұрын етті сатып алған кезде оның ішінде ірілі-ұсақты сүйектер көп болатын. Ал қазір етте бірде-бір артық сүйек жоқ. Бұл біз сияқты жасы келген адамдар мен балалар үшін өте тиімді, - дейді аудан тұрғындарының бірі А.Ахметжанова.