Өскеменде жас жігіт теледидар мен кілем ұрлап ұсталды
Өскеменде бұрын сотты болмаған жігіт теледидар мен кілем ұрлап ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
16 желтоқсан күні сағат 17:52 шамасында полиция бөлімшесіне шаһар тұрғындарының бірі шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, мейрам күні үйіне әлдекім еніп телевизоры мен кілемін ұрлап кеткен. Ұрлықшы үйге терезені шағып кірген. Шығынның мөлшері 140 000 теңге.
- Жедел іздестіру шаралары барысында 22 жастағы бұрын сотты болмаған қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188 бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді тәртіп сақшылары.
Оқи отырыңыз