Өскеменде кішкене бала шалшық суға шомылып жүр (ВИДЕО)
Кеше әлеуметтік желіде бір қызық бейнежазба пайда болды. Видеода жаңбырдан кейінгі шалшық суға кішкене бала шомылып жүр екен. Бұл көрініс Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында түсіріліпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бейнежазба инстаграмдағы пабликте жарияланды. Автордың айтуынша, оқиға Гоголь көшесінде болған.
Видеода бір ішкиіммен ғана жүрген кішкене ұл бала шалшық суда асыр салып ойнағанын көруге болады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбіреулері видеоны көріп, балалық шағын есіне алып жатса, тағы біреулер балаға дұрыс қарамайтын ата-анасын жазғырып, түрлі пікір жазуда.
Оқи отырыңыз