"Ауылда жүрсе мейлі" – Шалшық суға шомылған балаға қатысты дәрігер пікірі (ВИДЕО)
Кеше әлеуметтік желіде бір қызық бейнежазба пайда болғанын жаздық. Видеода жаңбырдан кейінгі шалшық суға кішкене бала шомылып жүрген-ді. Осыған байланысты балалар дәрігері өз пікрін білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Балалар дәрігері Жадыра Жапашеваның айтуынша, қалалы жерде жаңбыр суына шомылуға болмайды.
– Ауылда жүрсе мейлі, суы таза ғой. Ауыл балаларының барлығы солай ойнап өскен. Ал қалалы жерде қауіп көп: қаңғыбас иттер мен егеуқұйрықтар суды ластап кетеді. Балаға ауыру жұғуы мүмкін, – деді ол.
Сондай-ақ салқын күні жалаңаш жүрген баланың суық тигізуі де мүмкін екенін айтты дәрігер. Сондықтан көңіл көтеру үшін, балақайларды салқын күнде сыртқа жалаңаш шығаруға болмайды.