Сібе көлінің жағалауы күл-қоқысқа толы
Сібе көлдерінің маңы қоқыстан көрінбейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сібе көлдері - Шығыстағы тұмса табиғаттың інжу-маржаны. Шомылу маусымы басталысымен мұнда облыстың тұрғындары мен қонақтары ағыла бастайды.
Әлеуметтік желілерде Сібе көлдерінің жағалауында шашылған қоқыстың бірнеше суреті таралды.
Тәртіптің жоқтығына күйінген сурет авторы түрлі топтарға суретті таратқан соң, бұл мәселені әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салды. «Өздерінің шашқандарын жинап кетсе болады ғой», «Біз отбасымызбен демалыс орындарына жиі барамыз, бәрі жерде осы көрініс», «Ол біздің халықтың санасына байланысты» деген түрлі пікірлер айтылуда.