KZ
Өскемен
+10°
дымка жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

"Күн сайын тазаланады" Ұлан ауданының әкімі Сібе көлдері туралы айтты

29.08.2019, 08:10 166

Жұмыс күні аяқталуға жақындағанда, Сібе көлдеріне аттандық. Шомылу үшін емес, әлбетте. Соңғы уақытта көл жағасының тазалағына қатысты әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер айтыла бастаған еді. Жағдайды өз көзімізбен көріп қайттық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаздыгүнгідей жағалауларды жағалай «қонған» ел жоқ. Шомылу маусымы мәреге тақап қалғандықтан болар. Сондай-ақ анау айтқандай, шашыла-төгіліп жатқан күл-қоқыс та көрінбейді. Жағажайдағы қызметкерлердің айтуына қарағанда, демалушылар көп келетін жұма, сенбі, жексенбі күндері қоқыс та көбейеді екен. Бірақ күнбе-күн тазаланып отырады. Кейбір БАҚ жазған «тонна қоқыс» шашылып жатса, мына жағалауда аяқ алып жүру мүмкін бе екен деп ойладық. Бес көлдің жағасы да алақанның аясындай ғана ғой, білесіздер.

Бескөлдің үшіншісі – Шалқардың жағасында Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановты жолықтырдық. Көзіміз көріп тұрған жайғдайды әкім мырза өз сөзімен растай түсті.

– Демалыс күндері қоқыстың көбейіп кететіні рас. Бірақ ол шышылып жатады дегенді білдірмейді ғой. Жағалау күн сайын тазаланады. Жалпы алғанда өңір туризмі енді ғана түлеп келе жатқаны рас. Мұндай беделге нұқсан келтірерлік әрекетке бармасақ керек-ті, – дейді Н.Сақтағанов.

Жағажайда тазалыққа баса талап қойылатынына көзімізді жеткізген тағы бір жайт болды – дәретхана. «Туризіміңді түзеймін десең, туалетіңді түзе» деген қалжың сөздің баяғыда тәмсілге айналғаны рас. Сібе көлдерінің жағасындағыдай ықшамды, мұнтаздайдай дәретхананы атағы дүрілдеген жағажайлардан кездестірмеген шығармыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив