KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда салық рақымшылығы басталды. Нені білу керек?

16.07.2019, 09:56 188

Бүгін, 16 шілдеден бастап жеке тұлғалардың салықтары бойынша өсімпұлдарды есептен шығару жолымен іске асатын салықтық рақымшылық басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл 4 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі. Аталған заң бүгін, яғни 2019 жылдың 16 шілдесінен күшіне енеді. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жыл соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша аталған науқанды пайдалана алады.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 миллион жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 миллиард теңге салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 миллиард теңге, есептелген өсімпұлдар - 6,6 миллиард теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% (14,4 миллиард теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке 12% (немесе 2,5 миллиард теңге), мүлік салығына 6,7% (немесе 1,4 миллиард теңге) тиесілі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары деректер базасын уәкілетті органдармен салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне дербес шоттарды түгендеуді жүргізді. Осыған байланысты, осы рақымшылық жасаудың маңызды шарасы жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға салық берешегін есептен шығару мүмкіндігі болып табылады. Аталған берешек 2002 және 2003 жылдары жергілікті салық органдарынан жалпы республикалық салық ақпараттық жүйесіне (БСАЖ) ауысқан кезде пайда болғанын түсіндіру қажет. Мұндай салық берешегі 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16 мыңнан астам жеке тұлғаларда 700 миллион теңге сомасына есепке алынған, оның ішінде негізгі борыш 400 миллион теңге, өсімпұл 300 миллион теңге. Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады.Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу