Төленіп қойған өсімпұл сомасы қазақстандықтарға қайтарылады
ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов өткен жылы барлық қарызын төлеген қазақстандықтарға салық берешегі үшін өсім мен айыппұл сомасын қайтаруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Көптеген азаматтар белсенді және адал. Көптеген азаматтар заңды күтпестен негізгі қарыз бен өсімпұлды (өткен жылы. - Ескерт.) төлеп қойғанг. Рақымшылық мұндай адамдарға да қолданылады. Төленген өсімпұл сомасы қайтарылады. Қазір мұндай салық төлеушілердің саны мен сомасы нақтылануда", - деп хабарлады Баедилов Үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, мұндай азаматтар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жазуы керек. Оның негізінде ақшаны қайтару жүзеге асырылады екен. Биыл өсімді есептен шығарудың негізгі және жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі қарызды төлеуі болады.
"Салық төлеушілерге бұл үшін арнайы ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың жеке шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп, олар негізгі қарызды төлегенде үш жұмыс күнінен кешіктірмей өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады", - деп атап өтті Баедилов.
Еске салайық, Қазақстанда 1,39 миллион адамға салық рақымшылығы жасалатын заң күшіне енді. Олар 13,9 миллиард теңге негізгі қарызды төлеген жағдайда 7 миллиард теңге көлеміндегі өсімақысы кешіріледі.