KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

«Мәшине сынып жатыр». Семейде жарты ай бойы қоқыс шығарылмаған

11.07.2019, 06:06 1 039

Семейде тұрғын үйлердің қоқыстары жарты ай бойы шығарылмай жатыр. Қала тұрғындары ақшаларының желге ұшып жатқанына қапалы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – Ауладағы жағымсыз иістен үйге жүгіріп кіріп, жүгіріп шығатын болдық. Ызыңдаған шыбындар әбден мазаны алды. Қарызымыз да жоқ.  Сонда біздің ақшаларымыз желге ұшып жатыр ма, – дейді қала тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен төмендегі суреттің арқасында, Өтепов 50б үйінің тағдырластары көптігін білдік. Жазба астында, «Әуезов 39-да да осы мәселе», «Бөгенбайұлы 34-те де екі апта бойы қоқыс шығарылмай жатыр», «Мәшине сынып қалған немесе үлгермей жатырмыз деген сылтауларын айтып шыға келеді, қыста әйтіп-бүйтіп шыдаймыз, бірақ жазда олай жасауға болмайды ғой» деген түрлі пікірлер айтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу