KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Өскеменде «Ұлттық домбыра» күнін қалай атап өтті?

9.07.2019, 04:40 289

Өскеменде «Ұлттық домбыра» күніне орай этноауылда «Қасиетіңнен айналдым, ұлы домбыра» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ұлттық домбыра» күніне ұйымдастырылған шаралар тізбегі таңертеңнен кешке дейін жалғасты. Қаламыздың түкпір-түкпірінде тойланған мереке шаһар тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Күннің бірінші бөлігінде «Алтай» фольклорлық ансамблі өнер көрсетсе, кешкі бағдарлама тіптен қызықты өтті. Өйткені, Еркін Шүкімән, Айбек Бекбосынов және «Ұлытау» этно-рок тобы өнер көрсетті.

 – Меніңше, бұл шараға жүрегі қазақ деп соғатын әрбір адам қатысуы тиіс. Кішкене кезімізден «Нағыз қазақ –  қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзбен тәрбиеленіп келе жатырмыз ғой. Сол себепті де біз шараға отбасымызбен келдік. Халқымыздың күмбірлеген күйі мен әуезді  әні жанымызға жылылық ұялатты,  – дейді қала тұрғыны Сұлтан Мәукенов.

Қаламыздың үздік күйшілері түрлі күй орындады. Сондай-ақ, «Байжігіт» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен облыс әкімінің симфониялық оркестрі жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 – Домбыра – қазақ халқының жаны. Домбыра  –  әмбебап асап. Ол арқылы классикалық туындыны да эстрадалық әнді де орындауға болады, – дейді облыс әкімінің симфониялық оркестрінің бас дирижері Александр Галсанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу