Шілде айы жаңбырлы болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, осы айдың алғашқы 20 күнінде ШҚО-да күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бірінші онкүндікте сынап бағаны +22 мен +32 градус аралығын көрсетсе, түнгі уақытта - +8... +12 градус болады. Күн күркіреп, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Екінші онкүндікте ауа температурасы 26-32 градусқа көтеріледі, ал түнде 18-22 градус жылы болады. Бұл кезде де күн жиі бұлттанып, жаңбыр жауады деп болжануда.
Үшінші онкүндікте күндіз 30-33 градусқа дейін ыстық болады. Ал айдың соңында күн біршама салқындап, сынап бағаны 21-25 градусты көрсетсе, түнде 12-25 градусқа дейін төмендейді. Бұл уақыт аралығында күн бұлтты болғанымен, айдың бас кезіндегідей жауын-шашын жиі жаумайды.