KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Шілде айына арналған ауа райы болжамы

26.06.2019, 11:00 239

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алдағы айда ауа температурасы қалыпты нормадан 1°С градус жоғары болмақ. 1 шілдеден бастап күн ысиды екен. Сынап бағаны күндізгі уақытта 35 градус және одан жоғары температураны көрсетсе, түнде 20-23 градус болады.

Дегенмен, алғашқы 2 тәулікте күн ысығанымен, ізінше күн күркіреп, ауа температурасы күндіз 27-29°С-қа дейін, түнгі уақытта 17-20°С-қа дейін төмендейді. Одан кейін бір аптадай жаңбыр жауып, сынап бағаны айтылған көрсеткіштерден де төмендей түспек.

Екінші он күндіктің бас кезінде күндіз 20°С, түнде - 13°С градусты көрсетуі мүмкін. Жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан аспайды екен, тек таулы аймақтарда ғана сәл көбірек болуы ықтимал. 10 шілдеден кейін күн шайдай ашылып, ауа температурасы қайта 29 градусқа көтеріледі. Алайда түнгі уақыт айтарлықтай салқын болады деп болжануда – 15-18 градус. 

Екінші он күндіктің соңында күн жиі бұлттанып, шамамен шілденің 19-20 аралығында жаңбыр жауады екен. Бірақ ауа температурасына әсерін тигізбейді. Сынап бағаны бұл кезде күндіз 30-31°С, түнде – 20-22°С градусты көрсетеді.

Үшінші он күндікте жауын-шашын қайталанады.  Шамамен шілденің 23-24 күндері жаңбыр жауса, ары қарай күн қайта ашылады.

Айдың соңында тағы жауын-шашын боулы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 25°С болса, кей жерлерде түнгі уақытта 10°С-қа дейін суытады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу