KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, Ю
504.6 594.27 6.48

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасында өзенге лай су төгіліп жатыр ма? (ВИДЕО)

29.06.2019, 05:21 655

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан «Көгілдір бұғаз» демалыс базасында өзенге лас су төгіліп жатыр. Бейнежазба әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

27 маусымда аталмыш демалыс базасының маңындағы саяжай кентінде құбыр жарылған. Сол жерден демалушылар шомылатын өзенге лас  су төгіліп жатыр екен.

- Демалыс базасының сантехник маманы құбырды жөндеудің орнына оның жарылған тұсын матамен жасырып қойыпты. Құбырдан аққан қалдық Бұқтырма су қоймасына тура құйылуда, - дейді бейнежазба авторы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу