Өскеменде әлемнің ең үлкен бүйелері жүр
Өскеменде ірі бүйелердің көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көрме маусым айының 15-нен шілденің 7-не дейін жалғасады. 8 көзді, 8 аяқты бүйелер көрмеге барған адамға ешқандай қауіп тигізбейді екен.
Бүйелерден қорқу арахнофобия деп аталады. Өз фобияңызды жеңгіңіз келсе, шағып алады деген үрейсіз қолмен ұстап көргіңіз келсе, көрмеге келіңіз!
Өтетін орны: Қ. Қайсенов көшесі, 40. Өлкетану мұражайы.
Билет құны: балаларға - 500 теңге, ересектерге - 1000 теңге.