KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
486.65 524.46 5.05

Өскеменде сәуірде ерекше көрме өтеді

29.03.2019, 11:12 101

 

Сәуірдің 7-нен 9-на дейінгі аралықта Өскеменде барлық континенттерден жиналған сирек магниттер көрмесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Көрмені Ресейдің Новосибирск қаласындағы «Компас» магниттер мұражайы таныстырады. Аталмыш мұражайдың негізін қалаушы – ШҚО-ның тумасы Дмитрий Чёрный.

 

Ерекше коллекция жинайтын Дмитрий өзінің туған қаласында тоңазытқышқа арналған бірегей магниттердің көрмесін ұйымдастырмақ. Бұл магниттер әлемнің барлық континенттерінен жинақталған екен. Арасында ШҚО мен Қазақстанның да магниттерін бар екен.

 

Дмитрий Чёрный келушілерге экскурсия жасап, қызықты әңгімелер айтып беруді жоспарлап отыр. Одан бөлек, көрмеге келген жұртшылық қалай мұражай ашып, оны коммерциялық жағынан табысты ету керектігі жөнінде дәріс тыңдай алады.

 

Көрмеге кіру тегін. Дәрістерге қатысу да ақысыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив