"Кеңсе техникасын жөндеуші" ШҚО-да алаяқтықпен айналысып келген күдіктінің суреті жарияланды
ШҚО полициясы алаяқтық фактісі бойынша күдікті деп танылған 28 жастағы ер адамның фотосуретін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қылмыстық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің мәліметі бойынша, фотосуреттегі жігіт кеңсе техникасы мен оның құрамдас бөлшектерін жөндеу бойынша қызмет көрсету арқылы алаяқтық әрекеттерін іске асырып отырған. Сондай-ақ, ол 1,5 миллион теңген мөлшерінде қаражат электронды шоттан жымқырып кетті деген күдік бар. Алданған адамдарға келтірілген залалдың мөлшері 2 миллион теңгеден асады.
Қазір күдікті құрықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері бұл жігітке алданған басқа да адамдардың болуы мүмкін деген мақсатпен фотосуретін жариялады. Байланыс нөмірлері 8-705-524-59-07 немесе 102 арнасы арқылы хабар беруге болады.