KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскемендегі биші фонтандар маңындағы дәретхана мәселесі

17.06.2019, 09:58 209

Күнделікті тұрмыстан шаршағандардың саялы мекеніне айналған биші фонтандарды білмейтін өскемендік жоқ-ау сірә. Әсіресе кешкілік уақытта ерекше көркімен демалушылардың қызықтырады бұл субұрқақтар. Сөйтсе де оның бір «әттеген-ай» дейтін тұсы бар.

Фонтан маңындағы әжетханалардың жұмыс кестесі демалушыларға қолайсыз құрылған. Субұрқақтың өзі 23:00-ге дейін қосулы болса, әжетхана 17.00-ге дейін ғана жұмыс істеп келген. Сондықтан кешкі уақытта кішкентай балалардың фонтан жанында фонтан атқылап тұрған көрінісін көру таңсық емес.

Көпшіліктің қалауы бойынша, біз әжетхана кестесін ұзартуға бола ма, жоқ па деген сұрақпен қала әкімінің баспасөз қызметкеріне хабарласқанбыз. Ол арада бірнеше күн өткенде ғана нақты жауап берді. Айтуынша, әжетхана уақыты сағат 21.00-ге дейін созылды.

Сонымен, 21:00-ден кейін орталық алаңда субұрқақтар ғана жұмыс істейді енді.

Осы орайда фонтанның кестесі туралы да мағлұмат бере кетейік.

– Фонтандар сағат таңғы 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін 1,5 сағат үзіліс сайын ойнайды – дейді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.

19.00-ден кейінгі жұмыс кестесі төмендегідей:

– 20.00-ден 20.30-ға дейін (20.30-21.00 – үзіліс)

– 21.00-ден 21.30-ға дейін (21.30-22.00 – үзіліс)

– 22.00-ден 22.20-ға дейін (22.20-22.40 – үзіліс)

– 22.40-тан 23.00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив