Алаңға Абай ескерткіші және биші фонтан қойылады - Күршім
Күршімнің орталық алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Маусым айында басталған алаңды абаттандыру жұмыстары, қазан айының ортасына қарай аяқталады деп күтілуде. Жұмсалатын қаржы көлемі 55 млн 929 мың теңге.
Жарық-диодты прожекторлармен қатар алаңның сәнін жаңа тас-төсемелер де келтірмек.
Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Нұрсоветовтың айтуынша, жоспарланған жұмыс ырғағы әзірге ойдағыдай. Тек пандемияға байланысты сырттан материал жеткізу жағы аздап қиындық туғызып тұрған көрінеді.
Орталық алаңға қойылатын биші-фонтан Ресейден әкелінеді екен. Сонымен қатар алаңға тұғырымен қосқандағы биіктігі 9,5 метр болатын Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылмақ.