KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Ертең Өскеменде татардың Сабантойы өтеді

7.06.2019, 09:30 181

Ертең Өскемен қаласында татар халқының «Сабантой- 2019» мейрамы тойланады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сабантой – қайрат-жігер мен ептілікті көрсететін, салауатты өмір салтын ұстауға шақыратын, егістік жинау құрметіне арналған мереке. Ол сан ғасырлық тарихқа ие. Мейрам тек қана татар халқына емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ. Мерекенің сипаттамасына келетін болсақ, «Сабантой» сөзі түріктің «сабан» – соқа және «той» – мереке сөзінен шыққан.

Мейрамға арнайы Татарстан мемлекетінен қонақтар келеді. Қала тұрғындары үшін мерекелік концерт бағдарламасы, түрлі спорттық, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Атаулы шара, сағат 11.00-де Этноауылда өтеді деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив