KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

Семейде өтетін «Сабантой-party» бағдарламасы

19.06.2019, 08:23 199

23 маусым күні Семей қаласында Сабантой-2019 мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мерекелік шара қаланың екі алаңында: Ғабдолла Тоқай ескерткіші жанындағы орталық жағалауда және «Бейбітшілік» саябағында болады. Қала тұрғындарын концерттік нөмірлерден бөлек, түрлі спорт ойындары мен татар би кеші және аспаздық шеберлік байқауы күтеді. Атаулы шара сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін өтеді.

Сабантойдың бағдарламасы:

Сағат 10.00-де Ғабдолла Тоқайдың ескерткішіне гүл қойылады.

«Бейбітшілік» алаңы 11.00-де «Сабантой-2019»-дың ашылуы, «Ұлттар достастығы» атты Татарстан Республикасынан келген қонақтардың қатысуымен өтетін концерт. «Сабантойдың тарихы» атты көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар сол жерде өтетін шаралар тізбегі:

Спорттық ойындар:

Қол күрес
Гір көтеру
Татар күресі
Арқан тартыс және де балаларға арналған татар ұлттық ойындары.

Байқаулар:

«Сабантой аруы-2019»
«Үздік ұлттық киім»
«Чак-чак» аспаздар байқауы

Сағат 14.00-де жеңімпаздарды марапаттау және «Сабантой-party» атты би кеші болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив