KZ
Өскемен
ясно жел 2 м/с, С
497.26 525.21 4.97

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

5.06.2019, 14:09 87

Өскемендік полицей Алексей Баландин айналдырған екі-үш күннің ішінде бірнеше қылмыстың "ізін суытпай" ашып, қылмысқа қатысы бар адамдарды оқиға орнында қолға түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өзінің айтуынша, алдынан жүгіріп шыққан екі бала қолында темірі бар бір ер адамның дүкенге шабуыл жасағанын асығыс түсіндірген. Алексей дереу балалар нұсқаған жақты бетке алады.

Дүкенге жете бергенде жылдам-жылдам басып, қашып бара жатқан күдіктіні көзі шалып қалады. Ол сол күйі тәртіп сақшысының «Тоқта!» деген пәрменін де құлаққа ілмей құтылып кетпек болады. Алайда Алексей қуып жетіп, жауынгерлік тәсілмен күдіктінің қолын артына қайырып ұстай алады.

Күдіктінің кім екені кейін анықталды. 32 жастағы мекенжайы белгісіз адам екен. Бұрын бірнеше рет сотты болған.

Ол осы жолы сатушыны қолындағы темірімен шошытып, 29 мыңды көз алдында сыпырып алыпты.

Үстінен Қылмыстық кодекстің 1-бөлім 192-бабы бойынша іс қозғалды.

Алексей Баландин мұндай оқыс оқиға осыдан бірнеше күн бұрын да болғанын айтады. Ол кезде екі әйелді пышақтап қашып кеткен күдіктіні ұстаған екен. Оқиғаның мән-жайына келсек, әлгі күдікті әйелдермен сөзге келіспей қалыпты.

Өскемен қаласы Ертіс аудандық учаскелік полиция қызметкері Алексей Баландинге үлгілі ісі үшін марапат қағазы табысталды.

ШҚО, Ұлан ауданындағы Жоғарғы Тайынты ауылында дүниеге келіп, мектепті сол ауылдан қазақша бітірген Алексей Баландин журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап бергенді жөн көрді, себебі "орысшам онша емес" дейді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу