Өскеменде қаруланған қарақшы тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болды (ВИДЕО)
Танысының қол-аяғын матап, жертөлеге тастап, үйін тонап кеткен қарақшы ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 5 тамыз күні тапа-тал түсте Радищев атты көшедегі үйлердің бірінде болыпты. Күдікті ноутбук, электресеңгіреткіш, 6 күміс жүзікті алып, сол үйдің Опел маркалы мәшинесін де мініп кеткен.
Қоңырау түсе сала оның артына полицейлер түседі. Қуғын барысында күдікті әлгі Опел көлігін соғып алады.
Артынан анықталғандай, 44 жастағы күдікті бұрын бірнеше рет сотты болған адам екен. Соңғы уақытта ол үйсіз-күйсіз жүрген.
Одан ұрланған заттар түгелдей тәркіленді.
Қазір оның үстінен ҚР ҚК 2-тарау, 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.