Биыл 40 бала суға кетіп, көз жұмды
Төтенше жағдайлар комитетінің жыл басынан бергі есебіне сүйенсек, республикада 40 бала суға кетіп көз жұмыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Биыл 76 адам суға кетіп қайтыс болды. соның қырығы бала. Ересектер балық аулаймын деп қауіпсіздікті ұмытып кетеді. Ал балалар көбіне ата-ана қарауынсыз қалып, суға құлап қалады. Ойлап қарасаңыз, 3-4 жастағы бала судан өздігімен шыға алмайды ғой, – деді комитеттің төрағасы Владимир Беккер.
Республикада 50 мың суға түсуге арналған орын, 1 380 құтқарушы бар.
– Құтқарушыларды әр жағалауға бір-бірден қойсақ та, шомылатын жерлердің санына жетпейді. Елде, орта есеппен, жыл сайын 1 200-1 400-дей суға бату оқиғасы болады. Біз, шамамен, 800-900-дей адамды құтқарып қаламыз, – дейді В.Беккер.