Зайсан ауданында 6 жастағы бала суға кетті

Зайсан ауданының Дайыр ауылында 6 жастағы бала суға кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, балалар үйінің жанында Жарлы өзеніндегі рұқсат етілмеген орында шомылып жүрген. Бүлдіршіннің суға кеткенін байқап қалған көрші үйдің балалары оның әкесін шақырады. Әкесі баласын судан алып шыққанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Бұл жаз басталғалы бері балалардың суға кетуіне байланысты алтыншы жағдай болып отыр. Өткен жылғы суға шомылу маусымында 5 бала суға кеткен еді.
Оқи отырыңыз