ШҚО-да мотоцикл жүргізушісі сұмдық жол апатында қаза болды
Жол апаты 19 тамыз күні Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма ауылында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген бейнежазбасы мен фотосуреттері таралуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Lexus маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан бас жолға шығу кезінде "Урал" мотоциклімен соқтығысады. Жол апатының салдарынан, мотоциклдің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Мотоциклде отырған тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген екен.
Оқи отырыңыз