Қазақстанда 2015 жылдан бастап асырап алған бір балаға 75 АЕК көлемінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады. Бұл жайында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
"2015 жылдан бастап бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК көлемінде бір жолғы жәрдемақы төлеуді енгізу жоспарланып отырмыз », деді министр Е.Досаев «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның жобасының тұсаукесері кезінде.
2015-2016 жылдарда республика бойынша барлық төлемдер 810 миллион теңгені құрайтын болады.
Қазақстанда бала асырап алғандар ай сайын 10 АЕК көлемінде (1 АЕК – 1731 теңге) жәрдемақы алады. Патронатты тәрбиеге алғандар ай сайын жәрдемақыдан бөлек 60-70 мың теңге еңбекақы алады( егер арнайы білімі болса), білімі жоқтарға 30-40 мың теңге төленеді.