1 тиын қарызыңыз болса да шетелге шығуға тыйым салынады
Қарызыңыздың мөлшері 1 тиын болса да, салық бойынша борышкер болып таныласыз. Ал борышкерлерге шетелдерге шығуға рұқсат етілмейді. Елден шығуға құқықтарды уақытша шектеуді қарызды өтеп, борышкерлер тізімінен шығу арқылы ғана алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Қаржы министрлігі шетелге шықпас бұрын мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы интернет-ресурсты пайдаланып, өз атыңыздағы салық не төлемдер бойынша қарыздарыңызды алдын ала тексеріп алуға кеңес береді. Себебі, ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық.
Ол үшін Комитеттің ресми сайтында ЖСН нөмірін енгізіп, анықтауға болады («Электрондық сервистер» — «Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлімет»).