Қазақстанда 500-ге жуық медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп медициналық қызметкерлерде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификататтарына тексеру жүргізуде. Тексерудің нәтижесін бойынша 500-ге жуық медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тексеру 616 медициналық ұйымда жүргізілген, оның ішінде мемлекеттік ұйымдар – 544, жеке меншік ұйымдар – 72.
Бұл тексеру Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен жүргізіліп отыр. Бұл туралы комитеттің ресми сайтында жарияланды.
Тексерудің нәтижесі бойынша, Шымкент қаласында және Алматы, Атырау, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 484 медициналық қызметкердің сертификаты болмай шықты. Мұндай бұзушылық анықталған жағдайда жұмыстан шеттетілумен қатар медициналық қызметкерге 5 АЕК, лауазымды тұлғаға – 15 АЕк мөлшерінде айыппұл салынады.