Еліміздегі туу көрсеткіші туралы. Қай өңір алда?
Мамандардың мәліметінше, 100 қыз балаға шаққанда, 107 ұлдан келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының мәліметінше, былтыр қалаларда 235 014 сәби, ауылдарда 162 785 сәби туған. Дүниеге келгендердің 205 224-і, яғни 51,6%-ы ұл балалар. Қыз балалардың саны – 192 575, яғни 48,4%.
Статистиктердің сөзіне сенсек, Қазақстанда 2008 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 11,6%-ға жақсарған.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалады (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 сәби). Содан кейін Нұр-Сұлтанда (27,67) және Шымкентте (27,53) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) өңірінде.
Туудың жалпы коэффициенті төмендегі инфографикада берілген.