KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Өскеменнің көшелерін су басып жатыр

21.05.2019, 10:49 136

Бүгін толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаланың бірнеше ауданында көшелерді су басып кетті. Олардың қатарында жөндеуден өткен көшелер де бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, жаңбыр суы Потанин, Серікбаев, Михаэлис, Гагарин бульвары, Карбышев, Виноградов, Протозанов, Крылов, Мызы, Қазақстан, Славский атындағы жағалау көшелеріне жайылған екен. Тұрғындар бұл жағдайға жол бойындағы нөсер канализацияларының дұрыс орналастырылмауы себеп болды деген ойда.

Айта кетсек, ертең синоптиктер тағы қатты жел соғып, жауын-шашын болады деген болжам жасап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив