ШҚО-да ертең тағы дауыл соғып, жаңбыр жауады
22 мамыр күні ШҚО-да күр күркірейді, дауылды жел соғады, сондай-ақ, жаңбырмен қатар бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктер ауа райына осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен мен Семей қалаларында найзағай ойнап, күн күркірейді, жел күшейеді. Облыс аумағында дауыл соғып, жауын-шашын болады деп болжануда. Сондай-ақ, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Желдің ұйытқуы - 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Оқи отырыңыз