KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

"Айфонның алмасын сегізге бөлеміз" Қытай АҚШ-қа жауап қайтарып жатыр

21.05.2019, 05:32 227

АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Google компаниясы аталмыш кәсіпорынмен бизнес-байланыстарын үзді. Бұны  кеше жаздық. Ал бүгін Қытай халқы АҚШ-тан шығатын Apple өнімдеріне қарсы ауқымды акция бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қытайдың Twitter версиясы – Weibo әлеуметтік желісінде Apple-ға қарсы бойкот жариялауға үндеу жүріп жатыр. Олар iPhone мен Huawei смартфондарын салыстыра келе, қытай брендінің басым тұстарын атап көрсетуде. Көптеген желі қолданушылары алмалы телефонды өз отандық өнімдеріне айырбастауға дайын екенідігін жазып жатыр.

– Huawei-дің мүмкіндіктері iPhone-мен бірдей, тіпті артық. Бізде смартфонның осындай жақсы баламасы бар. Неге біз әлі күнге дейін Apple-ді қолданамыз? – деп пікір қалдырды желідегілердің бірі.

– Меніңше, Huawei бренді керемет. Ол алманы сегіз бөлікке бөліп тастай алады, – деп жазды компанияның логотипін меңзеген тағы бір желі қолданушысы.

АҚШ-тың қысымына қарамастан, қытай телекоммуникациясының алыбы Huawei өз отанында үлкен қолдауға ие.
Айта кетейік, 2018 жылдың соңғы айларында Apple-дің қытай еліндегі сатылымы 20% -ға төмендеген. Дәл осы кезеңде Huawei-дің сатылымы 25%-ға артқан екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив