KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.91 526.42 5.38

Бас жүлдесі 3 миллион теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

28.05.2019, 11:47 171

Елорданың үздік рәміздерін жасау бойынша шығармашылық байқау жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ, Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялап отыр.

Өзінің шығармашылық жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, республика тұрғындары мен қала тұрғындары да ұсына алады.

Байқауға жұмыстарды қабылдау ағымдағы жылдың 24 маусымына дейін жүргізіледі. Қатысушылар Қоғамдық даму істері басқармасына төмендегі конкурс материалдарын тапсыру керек:

1. Толтырылған өтінім.

2. CD-форматында алдын-ала тыңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы.

3. Бренд кітапшасының эскиздері (нобай A4, A3 қағазының қалың парағына жазылуы керек).

4. Шығармашылықты сипаттайтын түсіндірме жазба.

Байқауға бағытталған әндер бұрын жарияланбаған туынды болу керек. Әндер кез-келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін.

Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, суретшілерден, дизайнерлерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.

Әр байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі, 11, 535 кеңсе, тел .: 55-67-19.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив