KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

30 жылда миллионға жуық аң мен өсімдік түрі құриды – ғалымдар

13.05.2019, 11:47 219

Алдағы 30 жылда жануарлар мен өсімдіктердің миллионға жуық түрі жойылып кетуі ықтимал. Бұл туралы биоалуантүрлілік және экожүйелік қызметтер жөніндегі үкіметаралық ғылыми-саяси платформаның (IPBES) баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш құжатқа сәйкес, бүгінде жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылу үрдісі жедел жүруде. Айта кетейік, баяндаманы әзірлеуге әлемнің 50 елінің 145 ғалым атсалысқан. Онда соңғы 15 жылда орын алған өзгерістерге талдау жасалып, экономика мен экология арасындағы байланыс туралы егжей-тегжейлі айтылған.
Құжатта айтылғандай, 1980 жылдан бері әлемдегі парниктік газдар мөлшері екі есеге артқан, бұл жаһандық орташа температураның 0,7 градусқа (Цельсий) көтерілуіне әкеп соққан.

Сонымен қатар адамның араласуы салдарынан құрлықтағы табиғат 75, ал мұхиттағы 66 пайызға өзгеріске ұшыраған. Есепке сәйкес, қоршаған ортаға қатысты жағымсыз үрдістер 2050 жылға дейін жалғаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу