Сайлау: Қоғамдық қабылдау жұмысын бастап кетті
Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық қабылдауы жұмысын бастап кетті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс бойынша қалалар мен аудандарда құрылған барлық 20 қоғамдық қабылдауда кандидаттың сенімді өкілдері күнделікті азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдап, тұрғындардың шағымдарын ескеретін болады.
Айта кетсек, өңірде бір облыстық, 19 қала және аудандық штаб өз жұмысын бастады. Онда 700-ден астам астам қоғам белсенділері, ел арасында танымал және жоғары құрметке ие азаматтар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Естеріңізде болса, бұған дейін облыста Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды кампаниясы сайлауалды кандидаттарды тіркеудің аяқталу сәтінен, яғни 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да өз жұмысын бастаған болатын.