Аймақтық сайлауалды штаб ашылды - Nur Otan
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабы ашылды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков штаб отырысын ашып, барлық нұротандықтарға сәттілік тіледі.
– Біздің алдымызда өте жауапты кезең тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында Тұңғыш Президенттің жобалаларын сөзсіз іске асыруға ерекше мән береді. Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал бұған толығымен дайын. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенді топтар мен сенімді адамдар дайындалды. Облыстық және аумақтық сайлау комиссияларында 542 кандидат тіркелген. Оның ішінде 456-сы праймериз жеңімпазы болса, 86-сы партия филиалының квотасы бойынша еніп отыр. Біздің арамызда 2,5 мың сенімді адамдар, 2 мыңға жуық бақылаушылар бар. Бұл сайлауда міндетті түрде жеңіп шығуға тиіспіз, – деді Олег Чугунков.
Аймақтық штаб құрамына 82 адам кірді. Олар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері арасынан іріктеліп алынған. Штабтың 57 мүшесінің сайлау науқанын өткізу тәжірибесі бар.
Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі
ШҚО Nur Otan партиясы сайлау қорының қаржысынан төленген
Оқи отырыңыз