KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

ШҚО-да өзен жағасынан еліктердің өлекселері табылды

11.05.2019, 04:15 70

Көкпекті ауданындағы Құлынжон өзенінің маңынан алты еліктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  Yk-news cайтына cілтеме жасап.

Бұл оқиға жайлы ақпаратты сайт оқырманы беріп отыр екен.

-  10 мамырда Көкпекті ауданындағы Құлынжон өзенінің маңындағы құмға бардық. Бұл қорықшаның аумағы. Сол жердің қақ ортасында сұмдық жайтқа тап болды: алаңқайда алты еліктің өлексесі жайрап жатыр. Еліктердің сирақтары мен мүйіздері ғана қалған десе болады. Браконьерлердің ісі ме деп ойлаймын. Өйткені қасқыр шапқан болса, еліктердің тек сүйегі ғана қалар еді. Неге аң аулауға тыйым салынған мерзімде қорғалатын аумақта мұндай жағдайға жол берілген? – деп жазады Елена есімді Өскемен қаласының тұрғыны.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу