ШҚО-да өзенге құлаған ер адамның денесі табылды
ШҚО-ның Риддер қаласында өзенге құлаған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қайғылы оқиға 14 мамырда болған еді. 1972 жылғы ер адам Шаравка өзенінің үстінендегі көпірден суға құлаған екен. Оны көріп қалған адамдар бірден құтқарушыларға хабар береді.
Оқиға орнына №1 мамандандырылған құтқарушылар жасағы пен полиция қызметкерлері жіберілді. Сол күні жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Мәйіт екі күннен кейін бірақ көпірден бірнеше шақырым жердегі ағаштардың арасынан табылды.
Оқи отырыңыз