KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Ет пен көкөніс қымбаттады

30.09.2019, 05:09 187

Қазақстанда қыркүйек айында бірқатар азық-түліктің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы  Energyprom.kz сайтында жарияланып отыр.

Атап айтқанда, ет, көкөніс және жұмыртқаның бағасы айтарлықтай өсіпті. Жұмыртқа бір айдың ішінде 6,1%-ға, сиыр еті – 2,1%, жылқы еті – 2%, балық – 2,3%-5а қымбаттаған.

Сонымен қатар, бағасы арзандаған көкөністер де бар: пияз (бір айда – 25,2%-ға), сәбіз (22,8%). Картоп (8,2%), қызылша (9%), қызанақ (1,4%).

Жеміс-жидектердің ішінде апельсиннің 4,3 пайызға қымбаттаған. Керісінше, бананның бағасы бір айдың ішінде 2,8 пайызға арзандапты.

Жармалардың ішінде тары (3,1%-ға) мен күріштің (2,2%-ға) бағасы көтерілген.

Сусындар мен тәтті тағамдардың бағасы өзгеріссіз қалған. Ал қанттың бағасы 4,6 пайызға арзандап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу