Қазақстандықтар басым бөлігі Facebook желісін қолданады екен
Әлеуметтік желілерді 15 жастан асқан Қазақстан тұрғындарының 70 пайызы қолданады екен. Бұл туралы «Accenture Kazakhstan» консалтингтік компаниясының есебінде жазылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал статистика комитетінің ақпаратынша, 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың маусымына дейінгі кезеңде басымдыққа ие әлеуметтік желі болмапты. 15-30 жас арасындағы жастар көбіне VKontakte, ал 30-дан жоғары жастағылар Facebook желісін қолданатын көрінеді.
Қазақстан нарығында Facebook үлесі 2018 жылы барлық әлеуметтік желіні қолданушылардың 26,4 пайызын құраған. Өз кезегінде YouTube – 25,4 пайыз, Twitter – 21 пайыз, VKontakte – 16,4 пайыз, Pinterest – бес пайыз, ал Instagram – төрт пайызға ие болған.