KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Көкпектіге көш келеді

5.05.2019, 03:04 145

Биыл халық аз қоныстанған Биғаш ауылына 15-20 отбасы көшіп келеді деп жоспарлануда. Бұл аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді көркейту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Көкпекті ауданына Алматы облысынан 12 отбасы қоныс аударған. Оған мемлекет қазынасынан 11 миллион теңге бөлініпті.

«Оңтүстіктен көшіп келген отбасыларды баспанамен толық қамтамасыз еттік. Жұмысқа орналастырдық. Ал балаларын білім беру мекемелеріне бердік. Бүгінде қоныстандыру картасына сәйкес аталған ауылдық округтердегі сатылатын бос үйлердің саны мен бағасы, мемлекеттік мекемелердегі, жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтардағы бос жұмыс орындарының саны аңықталды», дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив