Өскеменге биыл 8 отбасы басқа аймақтардан қоныс аударуға өтініш білдірді
2020 жылы өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы бойынша қандастар (оралмандар) қатарынан 8 отбасы (18 адам) өтініш білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Олардың ішінде 14 адам еңбекке жарайтын жаста: 5 адам жұмысқа тұрды, бала күтімі бойынша – 5 адам, студенттер – 3, тағы 1 адам халықты жұмыспен қамту орталығындағы оқу курстарына жазылды.
Бірінші жартыжылдықта 4 отбасы (9 адам) қоныс аударды: Алматы облысынан - 2 отбасы (5 адам), Жамбыл облысынан - 1 отбасы (3 адам), Түркістан облысынан - 1 адам. Қоныс аудардаған 9 адамның ішінде 4 адам еңбекке жарамайтын жаста, еңбекке жарайтындар – 5 адам, олардың екеуінде жоғары білімі, үшеуінде – орта-техникалық білімі бар.
Екінші жартыжылдықта 9 отбасы (17 адам) қоныс аударды: Қызылорда облысынан - 4 отбасы (7 адам), Түркістан облысынан - 3 отбасы (6 адам), Жамбыл облысынан - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласынан - 1 отбасы (3 адам). Еңбекке жарайтын 10 адам әзірге жұмыспен қамтылған жоқ, себебі тамыз айының соңында қоныс аударған. Олардың ішінде 8 адамның жоғары білімі бар.
Қандастарды қоса алғанда, өңіраралық қоныс аударушыларға квота бойынша субсидия бөлінді: көшіп-қону бойынша материалдық көмекке – 6,1 млн теңге, баспана жалдауға – 18,9 млн теңге.