KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
471.83 505.66 5.4

«Әміре» фильмі АҚШ фестивалінде қатарынан екі жүлдеге ие болды

1.05.2019, 10:49 158

«Әміре» көркем фильмі «Richmond International Film & Music Festival» кинофестивалінде қатарынан екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

International Film & Music Festival – АҚШ өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.

 

Дәлірек айтсақ, кинотуындының өзі «Үздік оқиғалы фильм» аталымына ие болды. Ал фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди «Үздік актер» атанды.

 

Айта кетсек, кинотуынды қазақтың біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табқан.

 

Естеріңізде болса, «Әміре» фильмі өткен жылы да бірнеше жүлдеге қол жеткізген еді. Атап айтар болсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде «Best Global Hollywood Film» жүлдесі ие болып, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық алды. Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марпатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив