KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да көпбалалы аналарға берілетін 435 млн теңге банктерге аударылып қойды

30.04.2019, 04:24 137

ШҚО-да  сәуірдің бірінен бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыста  қазіргі таңда 26146 көпбалалы жанұя тұрады. Олардың ішінде 14149 отбасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар. Ал 2020 түтін аз қамтылғандар тобына жатады.

  Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазған болатын.

«29-сәуірде  қазынадан екінші деңгейлі банктерге 5300 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 435 млн.720 мың теңге аударылды.  Біз сондай-ақ, көпбалалы отбасыларында тұратын адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай арнайы есеп жүргіздік. Яғни, 26146 отбасында 25468 ересек адам, 51899 кәмелеттік жасқа толмаған және 3824 студент тұрады. 

Бұдан бөлек, аймақта 4834 аз қамтылған жанұя тіркеуде тұр.  

Қазіргі таңда АӘК алуға түскен 6591 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының өтініші құпталды. Бұл бағыттағы нақты сан алдағы уақытта белгілі болады. 

АӘК көлемі бір балаға 20789 теңгені құрайды. Бұл ретте жанұяның жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінің 70% көп еместігін растауы қажет. 

Апта соңына дейін өтініші расталған өңірдегі барлық отбасы мемлекеттен материалдық көмек алады деген сенімдемін»,-деп жазады аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу