KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

1.04.2019, 06:11 295

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторын іске қосты. Оның көмегімен жәрдемақының мөлшерін есептеуге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл калькулятормен әр адам атаулы әлеуметтік көмекті алдын ала өзі есептеп көре алады.

Онлайн-калькулятор министрліктің ресми сайтында орнатылды.

Жәрдемақыны есептеу үшін тұрғылықты аймақты, отбасындағы адам санын, еңбекқаны қосқанда отбасының жиынтық табысын, алименттер мен басқа да кіріс түрлерін көрсету қажет. Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған бала саны, және жасы 18-23 аралығындағы бала саны да есепке алынады.

Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған және табыс көзі төмен, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті алу өлшемдері өзгереді. Енді ол күнкөріс минимумының 70%-ын, яғни әр адамға 20 789 теңгені құрайды. Бұған дейін 50% болған.

Одан бөлек, отбасындағы әр балаға да 4834 теңгенің орнына 20 789 теңге төленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу